СІЗДІ ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗЕР
ТЕМІР ЖОЛ
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Dрайв» компаниясы кәсіпорындарды материалдық-техникалық қамсыздандыру мақсатында мемлекеттік сатып алулар тендерлеріне қатысу үшін 2001 жылы құрылды.

2011 жылы компания ребрэндингі жүргізілді, «Drive Industry» ЖШС деген жаңа атау мұнай және газ саласында жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың біліктілік алдындағы комиссия талаптарына байланысты.
Қазіргі таңда «Drive Industry» компаниясы – бұл, жеке материалдық-техникалық базасы, өндірістік цехтары, қойма жайлары мен берік қалыптасқан инфрақұрылымы бар жоғары білікті қызметкерлердің оңды ұйымдасқан командасы. Бұл ҚР темір жол , металлургия, мұнай-газды салаларындағы кәсіпорындарының және өнеркәсіп кәсіпорындарының сапалы және дер кезінде қамтамасыз етуіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, компания қызметі темір жол көлігі саласында жаңа технологияларды енгізумен байланысты. «Drive Industry» компаниясы темір жол жылжымалы құрамның қосалқы бөлшектерінің (Р17 түтігі), Орталықтандырылған Қауіпсіздік Жүйелеріне арналған құрал- жабдықтарының (электр жетек СП-6К, электр жетек СП-6М, 2ДТ1-300 дроссель трансформаторы), жолдың үстіңгі құрылыс материалдарының (рельс біріктіргіштерін дәнекерлеу жинақтамасы) өндірісін жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда «Drive Industry» компаниясы жосықсыз жеткізушілердің тізілімінде және Самрұқ Қазына Ұлттық Әл-ауқат қоры АҚ қорының отандық жылу өндірушілер (ОЖӨ) тізілімінде тіркелген.

2017 жылы «Drive Industry» компаниясы Самрұқ Қазына Ұлттық Әл-ауқат қоры АҚ қорының талаптарына сәйкес жеткізушілер арасында біліктілік алдыңғы іріктеуден өтті.

Компанияда:

  • ISO 9001-2009 сапа менеджменті жүйесі,
  • OHSAS 18001-2008 кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі,
  • ISO 14001-2006 экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген.

2010-2012 жылы компания Жаңа Өзен ст. – Болашақ ст. (Түрікменстан шекарасы), Жетіген ст. – Қорғас ст. (ҚХР шекарасы) бағыты бойынша күрделі республикалық темір жол құрылысы жобаларына қатысты.

2012-2013 жылы – компания қорғағыш ұнтақты сым мен еуропалық жабдықты (Translamatic- France, ESAB-Sweden) пайдалану арқылы дәнекерлеу әдісімен жол бұрағыштың тозған бөлшектерін қайта жаңарту технологиясын енгізуді жүзеге асырды.

2015 жылы «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ басты магистральдарында айқыштарды балқыту бойынша пайдаланымдық сынаулар жүргізілді

2016 жылы алюминтермиттік әдіспен жіктерді дәнекерлеудің пайдаланымдық сынаулары жүргізілді

2016 жылы «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ және Алматы қ. «Метрополитен» КММ магистральды жолдарында Austroroll (Австрия) зауытын майлаусыз бағыттамалық ауысымдарды пайдалану үшін роликті жүйелерді сәтті сынаулар жүргізілді

КОМПАНИЯНЫҢ МІНДЕТІ
Сапалы өнім өндіру және тапсырыс берушінің әрбір жобасының ерекшеліктерін ескере отырып өнеркәсіп кәсіпорындарын қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
КОМПАНИЯНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ

Компанияның стратегиясы – ҚР аумағында шығарылатын өнімдерді өткізу нарығын жыл сайын кеңейту, экспортқа шығатын тауарлар үлесін ұлғайту. Ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылату және кепілдік мерзімдерді ұлғайту.

Компанияның негізгі стратегиялық міндеттері мыналар:
  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» холдингінің компаниялар тобымен ұзақ мерзімді шарттар жасасу.
  • Өндірілетін өнімді ТМД және Балтық маңы елдеріне экспортқа шығару.
  • ҚР темір жол саласы үшін энергияны және қорларды үнемдейтін жаңашыл технологияларды, жабдық пен бөлшектерді әзірлеу және енгізу.
  • Республикалық маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларға, жобаларға қатысу.
ҚЫЗМЕТ
АТҚАРУЛАР
БІЗДІҢ КОМПАНИЯМЫЗ
ЖАСАЙДЫ:
  • жылжымалы темір жол көлігінің тежегіш жүйесі үшін қосалқы бөлшектерді өндіруді - Р17Б жеңі ГОСТ 2593-2014;
  • орталықтандырылған қауіпсіздік жүйелері үшін жабдықтарды өндіру – 2 ДТ1-300 дроссель трансформаторы, электр жетек СП-6К, электр жетек СП-6М – «Термотрон» АҚ-мен бірлесе отырып;
  • Шведтік «Safetrack» технологиясы бойынша рельс біріктіргіштерін төменгі температурада дәнекерлеуге арналған жабдықтар жинақтамасы мен шығыс материалдарын өндіруді және жеткізуді;
  • инновациялық технология бойынша ең жаңа «Translamatic – France», «ESAB – Sweden» жабдықтарын пайдалану арқылы тозған жол ауыстырғыш бөлшектерін дәнекерлеуді және соған арналған шығыс материалдарын шығаруды;
  • Алюминтермиттік әдіспен жіктерді дәнекерлеу
  • Локомотивтерді, жол техникасын және теміржол крандарын жөндеу
  • Шағын механикаландыру құралдарын жөндеу
  • құрылыс, жол және мамандандырылған техникалар мен құрал-жабдықтарды жеткізуді (бульдозерлер, крандар, құбыр салушылар, автомұнаралар және т.б.);
  • резеңке-техникалық бұйымдарды жеткізуді;
  • полимерлік бұйымдарды жеткізуді;
  • тораптар мен агрегаттардың қосалқы бөлшектерін жеткізуді;
  • болат құю өнімдерін жеткізуді;
  • электротехникалық жабдықтарды жеткізуді;
  • жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді;
  • шоғырсым өнімдерін жеткізуді;
  • мамандандырылған техниканы жеткізуді жүзеге асырады.
  • Теміржол крандарын жеткізу
prev next
ӨНДІРІС

Қызмет барысында «Drive Industry» компаниясы трейдерлер дәрежесінен отандық тауар өндірушілер мәртебесіне ауысты. Қазақстан экономикасының дамуымен бірге өсіп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген бағытты толық және тұтастай қолдай отырып, компания көптеген табыстарға жетті және жылжымалы темір жол көлігі үшін қосалқы бөлшектер өндірудің сериялық шығарылымын меңгерді.

2016 жылы «Даму» Ұлттық кәсіпкерлерді қолдау қоры өткізіп отырған «Қазақстанда жасалған» қазақстандық өндірушілер арасындағы көрменің қатысушысы.

2017-2018 жылы «Қазақстанның ең үздік тауары» жыл сайынғы республикалық көрме-конкурсының қатысушысы

  • Р-17Б біріктіруші жең, ГОСТ 2593-2014 –
    вагондардың тежегіш жүйесінің әуе магистралін біріктіруге арналған;
  • 2ДТ1-300 дроссель трансформаторы –
    жекелегіш жіктерді айналып, тартым күшін бір рельс тізбегінен екіншісіне өткізуге арналған;
  • Рельс біріктіргіштерін дәнекерлеу
    Бұл – заманауи құрал-жабдықтың көмегімен рельс пен мыс (биметалды) біріктіргіш арасындағы төменгі электрлік кедергімен берік, тоттануға төзімді бірігуді құруға арналған технологиялар.
  • Автоматтандырылған дәнекерлеу –
    автоматтандырылған құрал-жабдықты және өзін-өзі қорғайтын ұнтақты сымды пайдалану арқылы рельстер мен жол ауыстырғыш крестовинасының қызмет көрсету мерзімін ұзартатын негізгі тәсілдердің бірі.
  • СП-6М(СП-6К) тетікті аударамның электр жетегі
    жұмыстың үздіксіз қалыпы үшін арналған: жағдайды тексеру, бөлінбейтін өткірлердің барысымен тетіктерді аудару және құлыптау.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР
МЕДИАГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТЕР
Қазақстан Республикасы, 100012, Қарағанды қ., Пригородная көш., 3/2
Тел./факс:
+7 (7212) 51-11-07, 51-73-53
е-mail: drive@drive.kz
БАЙЛАНЫС
КЕРІ БАЙЛАНЫС
* ТАӘ
* Қызметі
* Телефон
* Факс
* E-mail
* Компания
* Қызмет саласы
* Ел
* Қала
* Көше, үй
Сайтты әзірлеген –
Артис» студиясы